Жаңа Зеландия инсульт бойынша білім берудің қайырымдылық қоры (NZSET) инсультпен ауырған пациенттерге күтім жасау және оңалту бойынша нұсқаулық бейнероликтерді ұсынады. Бұл материал инсультпен ауырған адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне қалпына келтіруді жақсартуға және инсульттан кейінгі асқынулардың ықтималдығын азайтуға бағытталған оңалту шараларын көрсетеді. Ұсынылған нұсқаулықтар мақұлданған және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Жаңа бейнероликтер апта сайын біздің strokekz сайтында және Instagram парақшада жарияланады. Қазақ немесе орыс тілдеріндегі субтитрлерді қосу үшін экранның төменгі жағындағы «YouTube» батырмасын басыңыз. Сіз YouTube платформасына бағытталасыз, ол жерде «Баптаулар» батырмасын басып, (экранның төменгі жағындағы беріліс белгішесі) «Субтитрлер» нұсқасына өтіңіз, содан кейін аударма үшін «Аудару» батырмасын басыныз. Осылайша Сіз өзіңіздің ана тіліңізде субтитрлі бейнероликтерді көре аласыз.
Инсультты алдын алудың және денсаулықты сақтау үшін ең жақсы тағамдар — сарапшылардың кеңестері.
Бұл бейнероликте халықаралық деңгейде танымал тамақтану сарапшысы инсульттың қаупін төмендетуге және денсаулықты сақтауға көмектесетін ең жақсы тағамдардың мысалдарын түсіндіреді.